«Кызылмай» фито-шайлары

"Қызылмай" фито-шайлары - құрамы және тағайындалуы бойынша кеңінен түрленген. Фито - шайлар өздігінен немесе комплексті терапияда қауіпсіздікті, микробиологиялық тазалықты, жоғары сапалы, профилактикалық және терапиялық әсерлерге кепілдік береді.

«ҚМ – Жұпаргүл»

Жұпаргүл шөбі – пайдасы баршаға аян өсімдік. Жұпаргүл шөбінен әзірленген хош иісті шайдың тұмауға қарсы, қақырық түсіретін және терлететін тамаша қасиеттері бар. Бронхит, құрғақ жөтелге қарсы қолданады, сондай-ақ іштің қатуының алдын алады, қышқылдығы төмен гастритке, ұйқы қашқанда қолданылады. Жеңіл-желпі жайландыратын қасиеті бар. Халық медицинасында жұпаргүл шөп «аналық» деп аталады. Ол климакс кезінде әйелдің жағдайын біршама жеңілдетеді. Қолдануға қолайлы хош иісті шай Сізге қуат беріп, көңіл-күйіңізді жақсартады.


«ҚМ – Мелисса»

Мелисса –жағымды иісі бар, жайландыратын, спазмдарға қарсы, ауырғанды басатын, жараны жазатын, лоқсытпайтын және вирусқа қарсы әсері күшті. Халық медицинасында мелиссаны жүрек ауруларына, бас айналғанға, тұз жиналғанға, асқазан ауырғанда және зәр айдайтын дәрі ретінде қолданылады. Мелиссаның хош иісі бас ауруынан, ұйқысыздықтан, құлақтағы ызыңнан құтқарады, жүйкені жайландырады. Сізге қуат беріп, көңіл-күйіңізді көтереді.


«ҚМ – Тасшөп»

Тасшөп шөбінде хош иісті эфир майы бар. Ол жараны жазатын, тыныштандыратын және зарарсыздандыратын әсерге ие. Тасшөп шөбінен жасалған шай тыныс алу жүйесі ауруларында (қақырық түсіретін және қақырықты сұйылтатын дәрі ретінде) ауыз қуысы қабынуында (антисептиқалық және қабынуға қарсы дәрі ретінде) және невроздарда қолданылады. Тасшөп шөбі алкогольге қарсы әсер етеді. Хош иісті шай Сіздің көңіл-күйіңізді жақсартады және денсаулығыңызды сақтауға көмектеседі.