«Кызылмай» жақпамайы

"Қызылмай" жақпамайлары және олеогелдері өсімдік сірінділері, эфир майлары, бал ара өнімдері, өсімдік майларынан және басқа да компоненттерден тұрады. Препараттар қауіпсіз, теріні және шырышты қабықты тітіркендірмейді, жоғары тиімді, құрамында консерванттар жоқ.

«Апифит»® прополис қосылған жақпамайы

Қолданылуы

Препарат ауыз қуысы мен мұрынжұтқыншақ ауруларын (ойық жаралар, пародонтопатия, гингивит) және тері зақымдануларын (жазылуы қиын ойық жаралар, трофикалық ойық жаралар, жанаспалы дерматит, нейродерматиттер, экземалар, термиялық  күюлер) кешенді емдеуде  симптоматикалық дәрі ретінде қолданылады.  


«Липофит»®

Қолданылуы

Ауыз қуысы мен мұрын-жұтқыншақтың ауруларында (стоматиттер, гингивиттер, парадонтиттер, жедел және созылмалы риниттер, тонзиллиттер, ларингиттер, фарингиттер).

Гинекологиялық және урологиялық ауруларда (кольпиттер, эндоцервититтер, жатыр мойнының эрозиялары).

Тері зақымдануларында (термиялық, химиялық және сәулеленуден кейінгі күйіктер, тесілулер, дерматиттер, дерматоздар, баяу жазылатын, соның ішінде жұқпаланған жаралар мен ойық жаралар).


«Асыл – Май»®

Қолданылуы

Препарат тірек-қимыл аппараты ауруларын (артриттерді, миозиттерді, невралгияларды, радикулитті, ревматизмді) кешенді емдеуде профилактикалық және симптоматикалық ем ретінде қолданылады.