Себетте өнім жоқ
Құрамы: шеңгел жидектері, қант, су. Жидектердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында «КМ – Шеңгел» шәрбаты поливитаминді, иммунокүшейтуші, антитоксиндік, антисептикалық әсерге ие, сонымен қатар ас қорыту мен зат алмасуды жақсартады. Бауырдың, бүйректің жұмысына пайдалы әсер тигізеді.
Ашуланшақтық пен ұйқысыздық кезіндегі күйді жеңілдетуге көмектеседі.
Шәрбат - құрамында жаңа піскен шеңгел жидектерінің шырыны мен қанты бар өнім болып табылады, онда қант консервант ретінде әрекет етеді (шәрбаттың құрамында басқа консерванттар жоқ).
Шәрбатты дайындаудың маңызды аспектісі – жидектердегі биологиялық белсенді қосылыстардың көпшілігін сақтауға мүмкіндік беретін жұмсақ технология.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 24.05.2023 ж. KZ.16.01.98.003.R.000276.05.23 .
«КМ – Шеңгел» шәрбаты иммундық, жүрек-қан тамырлары және несеп-жыныс жүйелерінің функционалдық күйін сақтау үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі: 1 шай қасық -1 десерт қасықтан күніне 1-3 рет ішіңіз және сусындар дайындау үшін 1: 10 (½ жарты стақан суға 1 десерт қасық шәрбат). Қолданар алдында шайқаңыз.
Пікірлер жоқ