Құрамы: шырғанақ жидектері, қант, су. «КМ –Шырғанақ» шәрбаты жидектердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында жараларды емдейтін, тамырларды нығайтатын, қалпына келтіретін және антиоксидантты әсерге ие, қан түзілуін ынталандырады. «КМ –Шырғанақ» шәрбаты терінің күйін жақсартады, шаштың нығаюы мен өсуіне ықпал етеді, сонымен қатар ас қорытуды жақсартуға және бауыр мен тері астындағы майдың жиналуын азайтуға тамаша құрал болып табылады. Поливитаминді әсерге ие. Шәрбат –  құрамында жаңа піскен шырғанақ жидектерінің шырыны мен қанты бар өнім болып табылады, онда қант консервант ретінде әрекет етеді (шәрбаттың құрамында басқа консерванттар жоқ). Шәрбаты дайындаудың маңызды аспектісі –жидектердегі биологиялық белсенді қосылыстардың көпшілігін сақтауға мүмкіндік беретін жұмсақ технология.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 25.05.2023 ж. KZ.16.01.98.003.R.000283.05.23 . 

«КМ – Шырғанақ» шәрбаты асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қан тамырлары және несеп шығару жүйелерінің функционалдық күйін сақтау үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. Қолдану тәсілі: 1 шай қасық -1 десерт қасықтан күніне 1-3 рет ішіңіз және сусындар дайындау үшін 1: 10 (жарты стақан суға 1 десерт қасық шәрбат). Қолданар алдында шайқаңыз.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру