Құрамы: өгейшөп жапырақтары, жолжелкен жапырақтары, тасшөп, қырмызыгүл, итмұрын жемістері, табиғи бал, эфир майлары: жалбыз, эвкалипт; қант, тазартылған су.

Өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында КМ-Туссофит шәрбаты қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, түйілуді басатын және иммунокүшейтуші әсерге ие.

Препарат қақырықты сұйылтуға және жоюға көмектеседі, жөтелді жұмсартады және жояды, тыныс алуды жеңілдетеді.

КМ-Туссофит шәрбаты жиі суық тию мен вирустық аурулардың алдын алуға және емдеуге жарамды, сонымен қатар ағзаның қоршаған ортаның зиянды әсеріне төзімділігін арттырады.

Тіркеу куәлігі: ҚР ДЗ-5№000136

КМ-Туссофит шәрбаты кешенді терапияда: суық тию және вирустық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары, ағзаның төзімділігі төмендеген, жөтел болған кезде емдік-профилактикалық құрал ретінде қолданылады.

Ішке қабылдау үшін. Дозалау режимі: 

● Ересектер: күніне 1-3 рет 10 мл-ден.

● Балалар (1 жастан бастап): күніне 1-3 рет 5 мл-ден.

Емдеу курсы 7-10 күн. Қолданар алдында шайқаңыз.

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысу керек.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру