Құрамы: шайқурай шөбі. Шайқурай шөбінің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында КМ – Шайқурай фито-шайы өт жолдарының, несепағарлардың, қан тамырларының тегіс бұлшықеттеріне антисептикалық, қабынуға қарсы, тұтқыр, қалпына келтіретін, орташа түйілуге қарсы әсер етеді. Өт қабында тастардың пайда болуына жол бермейді, өт шығаруды жеңілдетеді, ас қорытуды жақсартады.

Ауыз қуысының қабынуы кезінде тамақ пен қызыл иекті шаюға жарамды.

Тіркеу куәлігі: ҚРДЗ-5№014373

КМ-Шайқурай фито-шайы кешенді терапия құрамында емдік-профилактикалық құрал ретінде қолданылады: гастроэнтерит, колит, асқазан мен аш ішектің ойық жарасы, бауыр мен өт қабының аурулары кезінде, тамақты, қызыл иекті шаю үшін.

Қолдану тәсілі және дозалары:

- ішке қабылдау үшін - 1 сүзгі-пакетке 100-150 мл қайнаған су құйыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 3-4 рет 1 сүзгі-пакетін жылы күйінде ішіңіз. 

Емдеу курсы 1-1, 5 ай.

- шаю үшін - 1 сүзгі-пакетке 50-100 мл қайнаған су құйыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 2-3 рет 5-6 күн бойы тамағыңызды шайыңыз, қызыл иегіңізге жағыңыз.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру