Құрамы: итмұрын жемістері, эхинацея шөбі қалақай жапырақтары, мия тамыры, пармелия балдыры, сасықшөп, жұпаргүл шөбі. Рецептура құрамына кіретін өсімдіктердің арқасында «КМ – Тұмауға қарсы» фито-шайы өзін ағзаның төмен қарсыласуы кезінде тиімді құрал ретінде көрсетті. Өнім поливитаминді, қабынуға қарсы, вирусқа қарсы, өт айдайтын және жалпы әлдендіретін әсерге ие. «КМ – Тұмауға қарсы» фито-шайы суық тию, тұмау, ЖРВИ кезінде қолданылады және токсиндерді шығаруға көмектеседі, бас ауруын жеңілдетеді, мұрын бітелуін азайтады, сонымен қатар ағзаның жалпы жағдайын жақсартады, бұл аурудың ұзақтығын едәуір қысқартады. Жіті респираторлық аурулардың өршуі кезінде фито-шайды қабылдау иммундық қорғанысты күшейтуге және ағзаның төзімділігін арттыруға ықпал етеді. Ағзаға қоршаған ортаның қолайсыз әсеріне төзуге көмектеседі.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 04.03.2016 ж. KZ.16.01.98.003.E. 000398.03.16.  

«КМ – Тұмауға қарсы» фито-шайы ағзаның төзімділігі төмендеген кезде иммунитетті нығайту үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. Ол суық тию мен жұқпалы аурулардың алдын алу және емдеу үшін кешенді терапияда қолданылады.

Қолдану тәсілі: 100-150 мл қайнаған суға 1 сүзгі-пакетін қайнатыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 3-5 рет тамақтанудан 1 сағат бұрын жылы күйінде ішіңіз.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру