Құрамы: табиғи бал, сәлбен сығындысы. Сәлбен сығындысы қосылған «Кызылмай» балы асқазан-ішек жолдары мен жоғарғы тыныс алу жолдарының секрециялық белсенділігін арттырады. Жөтелді жеңілдетуге және қақырықты шығаруға көмектеседі. Өнім микробқа қарсы, қабынуға қарсы, антисептикалық, ауырсынуды басатын әсерге ие. Ауыз қуысының аурулары (ангина, гингивит) кезінде емдік-профилактикалық құрал ретінде жарамды. Сәлбен сығындысын балға енгізу эмульгаторларды, тұрақтандырғыштарды және кез келген басқа заттарды пайдаланбай жүзеге асырылады. Бұл балдың емдік-профилактикалық құндылығын сақтауға және бал композициясының бағытталған әсерін тигізуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 23.03.2016 ж. KZ.16.01.95.003.E.000495. 03.16.

Сәлбен сығындысы қосылған «Кызылмай» балы асқазан-ішек жолдарының, жоғарғы тыныс алу жолдарының және ауыз қуысының функционалдық күйін сақтау үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. Қолдану тәсілі: ересектерге: күніне 1-3 рет тамақтану арасындағы үзілістерде 1-2 десерт қасықтан, курс 1-3 ай.  

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру