Құрамы: табиғи бал, жұпаргүл сығындысы. Жұпаргүл сығындысы қосылған «Кызылмай» балы жүрек-қан тамырлары, жүйке және тыныс алу жүйелерінің функционалдық күйін қолдайды. Суық тию, жөтел, тамақ аурулары кезінде; бронхит пен пневмония кезінде қақырық түсіретін құрал ретінде қолданылады. Өнім асқазан-ішек жолдарының жұмысына жағымды түрде әсер етеді: ас қорытуды ынталандырады, ішек жиырылуын күшейтеді. Сергітетін әсерге ие, иммунитетті нығайтады.

Жұпаргүл сығындысын балға енгізу эмульгаторларды, тұрақтандырғыштарды және кез келген басқа заттарды пайдаланбай жүзеге асырылады. Бұл балдың емдік-профилактикалық құндылығын сақтауға және бал композициясының бағытталған әсерін тигізуге мүмкіндік береді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 23.03.2016 ж. KZ.16.01.95.003.E.000496. 03.16.

Жұпаргүл сығындысы қосылған «Кызылмай» балы асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қан тамырлары, тыныс алу және жүйке жүйелерінің функционалдық күйін сақтау үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. Қолдану тәсілі: ересектерге: күніне 1-3 рет тамақтану арасындағы үзілістерде 1-2 десерт қасықтан, курс 1-3 ай.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру