Құрамы: сасықшөп, долана жемісі, шайқурай шөбі, жаужапырақ шөбі, қырмызыгүл, қалақай жапырақтары, итмұрын жемісі, көк шай, жалбыз эфир майы.

«КМ – Кардиофит» фито – капсулалары жүрек – қан тамырлары жүйесінің жұмысына оң әсер етеді, қан қысымын қалыпқа келтіреді және ұйқыны жақсартады.

Өсімдіктердің құрамына кіретін витаминдердің, макро-және микроэлементтердің арқасында өнім тыныштандыратын, иммунокүшейтетін, кардиотоникалық және қабынуға қарсы әсерге ие.

«КМ – Кардиофит» фито-капсулаларын қабылдау жүрек ырғағын қалыпқа келтіруге, ақыл-ой және физикалық жұмыс қабілеттілігін арттыруға, зат алмасуды ынталандыруға көмектеседі.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 10.05.2017 ж. KZ.16.01.97.003.E. 000344.05.17.

«КМ – Кардиофит» фито – капсулалары жүрек-қан тамырлары жүйесінің функционалдық күйін сақтау және қан қысымын қалыпқа келтіру үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі: 2-3 апта бойы 1-2 капсуладан күніне 2-3 рет, тамақтанған соң бір сағаттан кейін.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру