Себетте өнім жоқ
Құрамы: итмұрын жемістері, сенна жапырақтары, түймешетен гүлдері, жұпаргүл шөбі, асқабақ тұқымы, мыңжапырақ шөбі, зығыр тұқымы, эфир майлары: жалбыз, аскөк.
«КМ – Паразитке қарсы» фито-капсулалары қабынуға қарсы, өт айдайтын және әлсіз ауырсынуды басатын әсерге ие.
Өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында өнім айқын ішек құртына қарсы белсенділікке ие.
Итмұрын жемістерінің жұмсағы паразиттердің ішек қабырғаларынан тойтарылуына ықпал етеді, ал эфир майлары тазартатын әсерге ие. «КМ – Паразитке қарсы» фито-капсулалары ағзаны паразиттерден (құрттар мен кейбір қарапайымдылардан) тазартуға, құрысуларды жеңілдетуге, сондай-ақ ас қорыту органдарының жұмысын қалыпқа келтіруге көмектеседі.
Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 10.05.2017 ж. KZ.16.01.97.003.E. 000343.05.17.
«КМ – Паразитке қарсы» фито-капсулалары ас қорыту жүйесінің, бауырдың, асқазанның, ішектің функционалдық күйін сақтау үшін, сондай-ақ ағзаны паразиттерден (құрттар мен кейбір қарапайымдылардан) тазарту үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады.
Қолдану тәсілі: 3-5 күн бойы 1-2 капсуладан күніне 2-3 рет, тамақтанудан 1 сағат бұрын. Курсты 7 – 10 күннен кейін қайталаңыз.
Пікірлер жоқ