Құрамы: итмұрын жемістері, қырмызыгүл, мыңжапырақ шөбі, шайқурай шөбі, жалбыз жапырақтары, салаубас гүлдері. Рецептураның құрамына кіретін өсімдіктердің арқасында «КМ –  Бауыр-өт айдағыш» фито-шайы өзін тиімді өт айдайтын, бактерияға қарсы, ауырсынуды басатын, түйілуді басатын және қабынуға қарсы құрал ретінде көрсетті.

Бауыр қызметін ынталандырады, өт жолдарын кеңейтеді, қандағы билирубин мен холестерин деңгейін төмендетуге көмектеседі, өт секрециясын және өт қабынан құмды кетіруді күшейтеді, бұл өз кезегінде бауыр тінінің қалпына келуіне ықпал етеді.

Ас қорытуды қалыпқа келтіреді және поливитаминді әсерге ие.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 04.03.2016 ж. KZ.16.01.97.003.E. 000381.03.16 

«КМ –  Бауыр-өт айдағыш» фито-шайы асқазан-ішек жолдарының, бауыр мен өт қабының функционалдық күйін сақтау үшін, сондай-ақ ас қорыту процесін қалыпқа келтіру үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. Кешенді терапияда өт қабы мен өт жолдарының қабыну аурулары: холецистит, холангит, өт-тас ауруы және т.б. кезінде ұсынылады.

Қолдану тәсілі: 100-150 мл қайнаған суға 1 сүзгі-пакетін қайнатыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын жылы күйінде ішіңіз.

12 жастан бастап балаларға күніне 3 рет тамақтанудан 30 минут бұрын жылы күйінде 30-40 мл-ден. Емдеу курсы 3 апта. 

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру