Құрамы: долана жемістері, қалақай жапырақтары, жаужапырақ шөбі,  қарақат жапырақтары, жұпаргүл шөбі, қырмызы гүлдері, жералмұрт, бақбақ тамыры, бұршақ жармасы, сәлбен шөбі, қаражидек жапырақтары, грек жаңғағының жапырақтары.

Рецептураның құрамына кіретін өсімдіктердің арқасында «КМ – Диабетке қарсы» фито-шайы қабынуға қарсы, өт айдайтын, несеп айдайтын және жараларды емдейтін әсерге ие, сондай-ақ ұйқы безінің жұмысын ынталандырады.

Фито-шай зат алмасуды қалыпқа келтіреді, қандағы қант пен артық салмақтың төмендеуіне ықпал етеді.

Ол жалпы әлдендіретін әсерге ие және ағзаның қорғаныс функцияларын арттырады.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 04.03.2016 ж. KZ.16.01.97.003.E. 000390.03.16. 

«КМ – Диабетке қарсы» фито-шайы жүрек-қан тамырлары жүйесінің, асқазан-ішек жолдарының функционалдық күйін сақтау және зат алмасуды қалыпқа келтіру үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады. 

Кешенді терапияда қант диабеті, артық салмақ, ұйқы безінің, өт қабының, бауыр мен ішектің бұзылуы кезінде қолдану ұсынылады.

Қолдану тәсілі: бір шыныаяқ қайнаған суға (100 – 150мл) 1 сүзгі-пакетін демдеңіз, күніне 2-3 рет тамақтанған соң 15-20 минуттан кейін ішіңіз.

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру