Құрамы: жалбыз жапырақтары, жаужапырақ шөбі, мыңжапырақ шөбі, түймедақ гүлдері, шайқурай шөбі, қызылмия тамыры, көк шай, фенхель жемістері, иіртамыр сабақтары. Дәрілік өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында Гастрофит–КМ фито-шайы перистальтиканы жақсартады және ішектегі ашу процестерін азайтады, қыжыл мен кебуді жоюға көмектеседі, жел айдайтын  басатын әсерге ие. Гастрофит–КМ фито-шайын қабылдау адамдардың ас қорытуына оң әсер етеді, сондай-ақ ағзаның алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.

Мемлекеттік тіркеу туралы Куәлік № KZ.16.01.95.003.Е.000432.06.19  03.06.2019 ж.

Гастрофит–КМ фито-шайы асқазанның функционалды жәй-күйін жақсарту үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде қолданылады.

Қолдану бойынша ұсынымдар: 1 сүзгі-пакетке үстінен 100-150 мл қайнаған су құйып, қақпақпен жауып, 10-15 минут тұндырып қою керек, күніне 2-3 рет жылы күйінде қабылдау керек және қабылдаған сайын жаңа сүзгі қалташаны демдеп отыру керек. Қабылдау ұзақтығы 4-6 апта. 

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру