КМ–Гастрофит®

502 тг

  • - Тауар коды: 011
Категория:

Құрамы: жалбыз жапырақтары, жаужапырақ шөбі, мыңжапырақ шөбі, түймедақ гүлдері, шайқурай шөбі, мия тамыры, көк шай, фенхель жемісі, андыз тамыры. Дәрілік өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында КМ – Гастрофит® фито-шайы қабынуға қарсы, жараға қарсы, ауырсынуды басатын және түйілуге қарсы әсер етеді. Перистальтиканы жақсартады және ішектегі ашу процестерін азайтады, қыжыл мен кебуді жоюға көмектеседі, жел айдайтын және ауырсынуды басатын әсерге ие. КМ – Гастрофит® фито-шайын қабылдау асқазан сөлінің қышқылдығы жоғары адамдардың ас қорытуына оң әсер етеді, сондай-ақ ағзаның алмасу процестерін қалыпқа келтіреді.

Тіркеу куәлігі: ҚРДЗ-5№013256

КМ – Гастрофит® фито-шайы асқазан - ішек жолдарының ауруларын (қышқылдығы жоғары гастрит, асқазан мен аш ішектің ойық жарасы, жіті және созылмалы панкреатит, метеоризм) кешенді емдеуде емдік – профилактикалық құрал ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі: 1 сүзгі-пакетке 100-150 мл қайнаған су құйыңыз, қақпақпен жабыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 3 рет тамақтанудан 20-30 минут бұрын жылы күйінде ішіңіз. Емдеу курсы 10-20 күн. 

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру