Себетте өнім жоқ
Дәрілік препараттың құрамы: емен қабығы, мия тамыры, шағыр тамырсабағы, шайқурай шөбі, қырмызыгүл, эфир майлары - жалбыз және эвкалипт, глицерин, этанол, тазартылған су. Құрамына кіретін өсімдіктердің арқасында КМ-Тіс Бальзамы қабынуға қарсы, микробқа қарсы, антисептикалық, қан тоқтататын және вирусқа қарсы қасиеттерге ие. Шырышты қабықтың регенерация процестерін күшейтеді, тістер мен қызыл иектің саулығын нығайтады. КМ-Тіс Бальзамы ауыз қуысының ауруларын жергілікті емдеу үшін қолданылады. Тіркеу куәлігі: ҚРДЗ-5№020264
КМ-Тіс Бальзамы кешенді терапия құрамында емдік дәрі-дәрмек ретінде қолданылады: ауыз қуысының шырышты қабығының зақымдануы кезінде (стоматит, гингивит, пародонтоз), қызыл иекті нығайту, ауыздағы жағымсыз иісті жою үшін. Қолдану бойынша ұсыныстар, дозалау режимі: сыртқы жағынан аппликация және шаю түрінде қолданылады. Шаю: 5-6 күн ішінде күніне 3-4 рет 1 стақан суға 2-3 шай қасықтан. Аппликациялар: 5-6 күн ішінде күніне 2-3 рет қызыл иекке 15-20 минутқа суланған тампон қойыңыз. Қолданар алдында шайқаңыз. Қолданар алдында нұсқаулықпен танысыңыз.
Пікірлер жоқ