Құрамы: өгейшөп жапырақтары, жолжелкен жапырақтары, тасшөп, қырмызыгүл, итмұрын жемістері, табиғи бал, эфир майлары: жалбыз, эвкалипт, сорбит, тазартылған су. 

Өсімдіктердің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында КМ-Туссофит сорбиттегі шәрбаты қақырық түсіретін, қабынуға қарсы, түйілуді басатын және иммунокүшейтуші әсерге ие.

Препарат қақырықты сұйылтуға және жоюға көмектеседі, жөтелді жұмсартады және жояды, тыныс алуды жеңілдетеді. КМ –Туссофит сорбиттегі шәрбаты жиі суық тию мен вирустық аурулардың алдын алуға және емдеуге жарамды, сонымен қатар ағзаның қоршаған ортаның зиянды әсеріне төзімділігін арттырады.

Шәрбатты дайындау кезінде қанттың орнына сорбит (табиғи түрде алынған қантты алмастырғыш) қолданылады, бұл препаратты қант диабетімен ауыратын адамдарға, сондай-ақ қантты шектегісі келетіндерге қабылдауға мүмкіндік береді.

Тіркеу куәлігі: ҚР ДЗ-5№000193

КМ –Туссофит сорбиттегі шәрбаты кешенді терапияда: суық тию және вирустық аурулар, тыныс алу органдарының аурулары, ағзаның төзімділігі төмендеген, жөтел болған кезде емдік-профилактикалық құрал ретінде қолданылады. 

Ішке қабылдау үшін.

Дозалау режимі: 

  • - 1 жастан 11 жасқа дейінгі балаларға: күніне 1-3 рет 1 шай қасықтан (5 мл).
  • - 12 жастан асқан жасөспірімдер мен ересектерге: күніне 1-3 рет 1 десерт қасықтан (10 мл). 

Қолданар алдында шайқаңыз. Емдеу курсы 7-10 күн.

Қолданар алдында нұсқаулықпен танысу керек

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру