Құрамы: түймедақ гүлдері. Өсімдіктің құрамына кіретін биологиялық белсенді заттардың арқасында «КМ –Түймедақ» фито-шайы микробқа қарсы, вирусқа қарсы, қабынуға қарсы және дезинфекциялық қасиеттерге ие. Оның түйілуді орташа басатын және несеп айдайтын қасиеттері бар, газдың түзілуін азайтады, аллергиялық реакцияларды әлсіретеді.

«КМ – Түймедақ» фито-шайы тыныштандыруға және демалуға көмектеседі. Ағзадан шлактар мен токсиндерді шығаруға ықпал етеді.

Мемлекеттік тіркеу туралы куәлік: 10.02.2016 ж. KZ.16.01.97.003.E. 000324.02.16.  

«КМ – Түймедақ» фито-шайы асқазан-ішек жолдарының, жүрек-қан тамырлары және тыныс алу жүйелерінің функционалдық күйін сақтау үшін тағамға биологиялық белсенді қоспа ретінде, сондай-ақ жүйке қозуы мен ұйқысыздық кезінде тыныштандырғыш құрал ретінде қолданылады.

Қолдану тәсілі: бір шыныаяқ қайнаған суға (100-150мл) 1-2 сүзгі-пакетін қайнатыңыз, 10-15 минут демдеңіз, күніне 2-3 рет жылы күйінде ішіңіз. 

Пікірлер жоқ

Пікір қалдыру