«Кызылмай» майлары

"Қызылмай" майлары - қабынуға қарсы, жараларды жазу, ауырсынуды басатын, бактерияға қарсы, репаративті және иммунокүшейткіш әсерге ие ең бағалы дәрілік шөптері бар фито-майлар және эфирлі табиғи майлар.

Эвкалипт майы

Эвкалипт Эфир майы

Эвкалипт майы суық тию және тұмауда, буын ауырғанда әрі қақсағанда көмектеседі. Тазалайды, сергітеді, иіссіздендіреді, зарарсыздандырады. Австралиялық – эвкалипт майы, пайдалануда сыналған және тексерілген.

 Суық тию, тұмауда

 Эвкалипт майының екі шай қасығын  ыстық ваннаға қосыңыз. Эвкалипт буларымен ингаляциялаудың көмегі арқылы жеңілденіп қаласыз. Сондай-ақ сіз ішіне ыстық су құйылған сыйымдылыққа майдың 15-20 тамшысын құйып, ингаляцияны жасай аласыз. Егер Сіз мұрын жолдарының таза болуын қаласаңыз,  майдың  бірнеше тамшысын мұрынға арналған орамалыңызға тамызыңыз.

 Бұлшықет ауыруы

Сіз бұлшықет ауыруларында, артриттерде, ревматизмде, фиброздарда, сіңірлер созылғанда, соғылуларда, қатқан бұлшықеттерді, зақымданған жерлерді жылу сезінгенге дейін ақырын үгу арқылы  жеңіл сезінесіз. Ауыру немесе ісіну  жойылғанға дейін айталаңыз.

 Ванна және аяқ ванналары

Эвкалипт майының бір немесе екі шай қасығын ваннаға қосу сергітуші әсер етеді және денсаулықты жақсартады. Аяққа арналған ваннаға майдың бір шай қасығын қосу күшті жеңілдетеді және бірнеше күнге жағымсыз иісті кетіреді.

 Насекомдар шаққанда

Жәндіктердің шағуынан зақымданған жерлерді эвкалипт майын майлай отырып, ауыру мен қышымадан жылдам жеңілдеуді сезінесіз. Қажет болса қайталауға болады.

 Сауна

Суға бірнеше тамшысын тамызып, оны ыстық тастарға шашу арқылы саунаңыздың ішінде  таудың ауасын жасаңыз. Бұл сіздің  ойыңыздың саралығын анықтауға көмектеседі, тыныстауды жеңілдетеді, алкогольден айықтандырады.

 Тері және қолдың тазарту үшін

Эвкалипт майы қол және теріні жағымсыз иістерден жақсы тазартады. Май мен бояуды кетіреді. Матаға майды сіңдіріп қолды сүртіңіз де, содан соң   әдеттегідей сабынмен жуыңыз.

 Дақты кетіргіш

Эвкалипт майы киімнен, кілемдерден майлы дақтарды, шөптің іздерінен жеңіл кетіреді: май сіңдірілген матамен сүрту керек. Май материалға зиянын тигізбейді, бір сағаттан соң материалда бірде-бір дақ қалдырмай буланады.

 Киімді, әсіресе жұмысшы киімді және жөргеті жуу үшін қолданылуы

 Жуу кезінде майдың бір немесе екі қасығын  суға қосқанда тазартады және сергітеді. Комбинезондарды, спорт киімін, шұлық  және жөргектерді жуу үшін жарайды.

Әжетхана

Эвкалипт майы әжетханалар және раковиналарды тамаша тазалайды, сергітеді және зарарсыздандырады. Эвкалипт майы сіңдірілген сүрткілердің көмегі арқылы  барлық жанасатын орынды  сүрту керек. Сіз орын, үй-жайдың жоғары  зарарсыздануына қол жеткізесіз.

 Жүннен тоқылған бұйымдарды жууға арналған рецепт

Бұл жүннен тоқылған маталарды жұмсақ және  үлпек етіп сақтауға мүмкіндік беретін  сыналған әрі тексерілген рецепт екендігіне сенімді болыңыз.

Жай сабынды үлпектері ½  пәшке  (З00г)

Метил спирті                   1   стакан (200 мл)

Эвкалипт майы                1  құты     (50 мл)

 Сабынды үлпектерді метил спиртімен араластыру керек, эвкалипт майын  қосып, жақсылап араластыру керек. Бір киімге  қоспаның бір ас қасығын пайдалану керек. Ыстық судың  аздаған мөлшерінде ерітіп, жууға арналған суды қосу керек. Қолмен жуу немесе машинамен жүннен тоқылған  бұйымдарға арналған режімде жуу ұсынылады. Шайыңыз. Артық суды  кетіру үшін орамалды аздап сығыңыз. Бұйым кепкенге дейін оны пішініне келтіріңіз.

 Жабысқақ затбелгілер

Эвкалипт майы  бұйымды зақымдамай   затбелгінің желімденген орнын тамаша кетіреді. Жабысқақ дәкелер майдан ылғалданып, жеңіл және  ауыртпай алынады.

 Сағыз, бояу, қаламдар мен сияның іздері

 Киімнен, аяқ-киімнен, жиһаздан, пластик пен винилден сағыз, бояу, қаламдар мен сияның іздерін жылдам кетіре аласыз. Май сіңдірілген матамен сүрту керек.

 


Самырсын майы

СУЫҚ ТИЮ, ТҰМАУ

Самырсын майын аз ғана мөлшерде (3-5 тамшы) арқаға, кеудеге сіңіріп жағу керек; күніне 2-3 рет табанға жағып, сіңіріп уқалау керек. Әрбір ем жасаудан кейін сырқаттың денесін компресске арналған қағазбен орап, жүн шұлық кигізіп, жылы көрпе жауып жатқызып, шөптер жиынтығынан тұнба жасап ішкізу қажет.

СҮЙЕК СЫНУЫ, ЖАРАҚАТТАР

Сынған не соғылған жерге самырсын майын аз мөлшерде (3-5 тамшы) жағу керек, сүйек тез бітіп, жарақаттар жылдам жазылады. Күніне 1 – 2 рет жағу қажет.

ТЫНЫС ЖОЛДАРЫ, ӨКПЕ ҚАБЫНУЫ

Самырсын майын кеуде мен арқаға жағумен қатар онымен тамақ булайды (ингаляция). Үй жағдайында: майдың 3-4 тамшысын 1 стакан қайнап тұрған суға қосып, орамалмен оранып отырып, буын жұтады. Булап болған соң жылы киініп, 2-3 сағат жылы жерде болу керек.

УҚАЛАУ

Әр түрлі себептермен бұлшық ет, буын және сүйек ауырған кезде (қатты қабыну жағдайларын қоспағанда) ауырған жерге самырсын майын жағып уқалау керек. Ол үшін 1 ас қасық жүгері немесе зәйтүн майына самырсын майының 9-10 тамшысын қосып, ауырып тұрған жерге уқалап отырып сіңіріп жағу қажет. Радикулит, миозит, ишиас аурулары кезінде: осы қоспаны қабынған жерге шеңберлете уқалап отырып сіңіріп жағу керек. Емнің бір курсы – осы қоспа маймен 10-15 рет уқалау. Тобық, тізе, жамбас буындары ауырған жағдайда да самырсын майымен дәл осы ем қабылданады.

ВАННАЛАР(суға түсу)

Самырсын майын қосып суға түскенде, адамның жүйкесі тыныштанып, денесі рахат алады, шаршағаны, күйзелісі басылып, жеңілдеп қалады, сонымен қатар терінің серпімділігі мен созылғыштығы едәуір артады. Ол үшін самырсын майының 3-5 тамшысын 1 ас қасық сусабынға қосып, ваннаға (ыстық суға (38°C)) құю қажет. 10 минуттан соң-ақ ваннаның оң әсері біліне бастайды. Самырсын майы қосылған ваннаны бұдан ұзақ уақыт (15-20 мин.) қабылдасаңыз, ұйқысыздықтан арылып, жақсы ұйықтайтын боласыз, әрі бұлшық еттеріңіз босаңсиды. Мұндай ваннаны күн ара қабылдау керек, бір емдік курс - 10-12 ванна.

 

ХОШ ИІСПЕН ЕМДЕЛУ

Бактерияларға қарсы әсер ету қасиетінің арқасында самырсын майы бөлменің ауасын зарарсыздандыру үшін қолданылады. Ол үшін майдың  4-6 тамшысын аромалампаға салып қояды немесе мақтаға май құйып, жылы жерге қояды. Жылы жерде май ауаға белсенді түрде иіс шығарып, тыныс жолдарының вирусты инфекцияларына және тұмауға, суық тигенге қарсы әсер етеді. Бұл тәсілді әсіресе індет кезінде тыныс жолдары ауруларының алдын алу үшін де қолдануға болады.

 

Косметология

Самырсын майы – өте жақсы косметикалық құрал. Ол беттің, тамақтың терісіне жағымды әсер беріп, қысқа мерзімде терінің серпімділігі мен балғындығын қалпына келтіреді. Оны үнемі пайдалансаңыз, бетіңіздің ісінуі тез арада басылып, ұсақ әжімдерден арыласыз. Ол үшін майдың 2 тамшысын кремге қосу қажет (30 г кремге).  Сонда креміңіз теріңіздің қызарғаны мен тітіркенуін басып, қабынуға қарсы күшті әсер береді, бет терісінің қуыстарын жақсы тазартады, әсіресе, бұл майлы және безеулі бет терісіне аса пайдалы.

Жарамайтын жағдайлары: адамның жеке ағзасына кері әсер етуі, жүрек-қан тамырлар жүйесі аурулары.

 


"Шырғанақ - итмұрын" майы

Қолданылуы

Шырғанақ - итмұрын майы - ішек жолдары, жүрек - тамыр жүйесі және жоғары тыныс жолдары қызметінің жұмысына қолдау көрсетеді. Зат алмасуды қалпына келтіреді. Полидәрумендік әсері бар.