«Кызылмай» бал құрамдары

Бал құрамдары - табиғи шөп сірінділерімен байытылған бал. Бал құрамдары барлық компоненттерге әсер беріктігін арттырады, иммундық жүйені нығайтуға белсенділікті арттыруға ұсынылады.

“Қызылмай” сәлбен экстрактісімен

Жоғары сапалы сәлбен экстрактісі қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы жоғары тыныс жолдарының ауруларында және стоматит, парадантоз, гингивит ауруларында қабынуға, бактерияларға қарсы, тұтқырлағыш ретінде қолданылады.


“Қызылмай” түймедақ экстрактісімен

Жоғары сапалы түймедақ экстрактісі қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы антисептикалық, тыныштандыратын және жел шығаратын, қабынуға қарсы әсер етеді, асқорыту жұмысын жақсартады. Суық тигенде және грипп,  ангина ауруларында, жоғары қозғыштықта, ұйқы бұзылғанда қолданылады.


“Қызылмай” қырмызыгүл экстрактісімен

Жоғары сапалы қырмызыгүл экстрактісі қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы көп жылдық халық медицинасының тәжірибесімен тексерілген. Ол суық тигенде, жөтелде, бүйрек, қуық, жүрек, тамырлар жұмыстары бұзылғанда ұсынылады. Қан қысымын төмендетуге, склерозға, тырыспаға қарсы әсер етеді, иммунитетті күшейтеді.