«Кызылмай» фито-шайлары

"Қызылмай" фито-шайлары - құрамы және тағайындалуы бойынша кеңінен түрленген. Фито - шайлар өздігінен немесе комплексті терапияда қауіпсіздікті, микробиологиялық тазалықты, жоғары сапалы, профилактикалық және терапиялық әсерлерге кепілдік береді.

«ҚМ – Гастрофит»®

Қолданылуы
Асқазан-ішек жолы ауруларына кешенді ем жүргізгенде емдік-профилактикалық дәрі ретінде ұсынылады:
- жоғары қышқылдықтағы гастритте
- асқазан мен он екі елі ішектің ойық жара ауруында
- жедел және созылмалы панкреатитте
- метеоризмде


«ҚМ – Қалақай»

Авитаминоздарда, қаназдықта (гемоглобин мен эритроциттер санының артуына ықпал етеді) витаминдік дәрі ретінде, ішек, геморроидальдық ,өкпе, жатыр қан кетулерінде қан тоқтатқыш ретінде қолданылады, қан ұйуын арттырады, зақымдаған тіндердің жазылуын және эпителизациялануын ширатады.


«ҚМ – Жалбыз»

Асқазан – ішек жолы функциясының нашарлауында, бауыр ауруларында, жүрек ауруларында қолданылады; тахикардия ұстамаларын басады; қан қысымының қылпына келуіне ықпал етеді. Жүйке бұзылуларында, ұйқысыздықта тыныштандыратын әсер етеді.