«Кызылмай» бал құрамдары

Бал құрамдары - табиғи шөп сірінділерімен байытылған бал. Бал құрамдары барлық компоненттерге әсер беріктігін арттырады, иммундық жүйені нығайтуға белсенділікті арттыруға ұсынылады.

“Қызылмай” дәрілік шөптердің экстрактісімен

Жоғары сапалы  құрамында шайқурайдың, қызылмияның, қалақайдың, итмұрынның, шырғанақтың, тасшөптің экстрактілері қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы. Бал антисептикалық, қабынуға қарсы, иммунитетті күшейтетін, қанайналу жүйесіне әсер етеді; асқазан жұмысын жақсартады. Суық тигенде, тыныс мүшелерінің қабынуында, жөтелде, бүйрек, жүрек, тамырлар, нерв жүйесінің жұмыстары бұзылғанда ұсынылады.


“Қызылмай” киікшөп экстрактісімен

Жоғары сапалы киікшөп экстрактісі қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы  иммунитетті күшейтетін, тыныштандыратын және тазартатын әсер етеді; жүрек, қан және лимфа тамырларының жұмысын жақсартады. Суық тигенде, грипп, ангина ауруларында, асқазан жұмысы бұзылғанда, жоғары қозғыштықта, ұйқы бұзылғанда қолданылады.


“Қызылмай” шайқурай экстрактісімен

Жоғары сапалы шайқурай экстрактісі қосылған “Қызылмай” табиғи ара балы микробтарға қарсы, иммункүшейтетін, қабынуға қарсы әсер етеді; суық тигенде, жөтелде, грипп ауруында қолданылады; жүрек, бауыр, асқазан-ішек жолдарының жұмысын жақсартады.